Павлодар облысында заңсыз сақталған 11 атыс қаруы тәркіленді

23.10.2025 09:25

Барлық қару бойынша баллистикалық сараптама тағайындалып, оның нәтижесіне сәйкес тиісті процессуалдық шешім қабылданады

polisia.kz

Полиция қызметкерлері шаруа және фермер қожалықтарын, мал айдау учаскелерін,сондай-ақ автокөліктерді тексеріп, заңсыз сақталған қару мен оқ-дәрілерді анықтауға бағытталған кешенді жұмыстар жүргізуде, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі  inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Іс-шара басталғаннан бері 11 заңсыз сақталған атыс қаруы мен 20 дана оқ-дәрі тәркіленді. Мәселен, Екібастұз қаласындағы көпқабатты үйдің ауласында ер адамның қолынан қолдан жасалған қалам-пистолет алынды. Ал Павлодар қаласында облыс орталығы тұрғынынан "Reck" тапаншасы тәркіленді. Барлық қару бойынша баллистикалық сараптама тағайындалып, оның нәтижесіне сәйкес тиісті процессуалдық шешім қабылданады", – дейді Павлодар облыстық полиция департаменті.

Сонымен қатар заңсыз сақталған қару-жарақты, оқ-дәрілерді немесе жарылғыш заттарды ақылы түрде өткізуге ниет білдіргендер кез келген полиция бөліміне өтінішпен жүгіне алады.

Оқи отырыңыз: Шүлбі су қоймасынан 6,32 млрд текше метр су жіберілді