Тағы үш жолаушы ауруханаға жеткізілді
Жол-көлік оқиғасы бүгін Атамекен – Ақтоғай – Ресей Федерациясының Русская Поляна автожолында болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаментінің алдын ала мәліметі бойынша, «Шевроле» автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік аударылған. Жол апаты салдарынан екі адам қаза тапты, тағы үш жолаушы ауруханаға жеткізілді.
– Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады, – деді департаментте.
Тәртіп сақшылары жүргізушілерге жолда абай болуды, жылдамдық режимін қатаң сақтауды және көлік құралдарының техникалық жағдайын үнемі тексеріп отыруды ескертеді.
Оқи отырыңыз: Отбасылық жанжалдан кейін жоғалып кеткен әйел өлі табылды