Отбасылық жанжалдан кейін жоғалып кеткен әйел өлі табылды

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Әйелдің денесі жұма күні, 29 тамызда табылған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысының Іле ауданында отбасындағы жанжалдан кейін жоғалып кеткен әйел өлі табылды. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram-парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

1982 жылы туған Әбдірасұлова Мунирам Тоқтамышқызы 25 тамызда сағат 12:00 шамасында Құйған ауылындағы үйінен шығып кеткен.

Белгілері: бойы – 180 сантиметр, арықша дене бітімді, шашы ұзын қызғылт-сары, көзі қоңыр, аузының оң жағында және бетінде ірі меңдері бар. Киімі: көк көйлек, қара аяқ киім.

Еріктілердің мәліметінше, әйелдің денесі жұма, 29 тамызда табылған. Ол өз-өзіне қол жұмсаған. Қайғылы оқиғаның өзге деректері жарияланбады.

Оқи отырыңыз: Сәтбаев шыңында жарақат алған туристер тікұшақпен эвакуацияланды

Новости партнеров