Павлодар облысындағы табиғи өрт сөндірілді

08.10.2024 15:27

Еріктілер мен жергілікті мәслихат депутаттары құтқарушыларға азық-түлік, қажетті заттарын жеткізіп берген

ТЖМ

Павлодар облысының Баянауыл ауданы аумағындағы табиғи өрт сөндірілді. Қазір өрттің ауданы анықталып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Баянауыл ауданы Күркелі ауылдық округінің әкімі Әлібек Сапабеков Желтау ауылынан қауіпсіз жерге көшірілген тұрғындар үйлеріне орала бастағанын жеткізді. Бірақ әзірше елді мекеннен эвакуацияланған 18 адамның нешеуі қайтып оралғаны туралы нақты дерек жоқ. Өртке байланысты штаб жұмыс істеп, тікұшақтар барлау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Жұмат Шанин ауылында қазіргі сәтте эвакуациялық пункт жұмыс істеп тұр. Еріктілер мен жергілікті мәслихат депутаттары құтқарушыларға азық-түлік, қажетті заттарын жеткізіп берген.

Еске сала кетейік, 6 қазан күні Баянауылда далалық аймақтан өрт шығып, бір ауылдың тұрғындары қауіпсіз аумаққа көшірілді.

Оқи отырыңыз: Баланың еміне ақша жинаймын: Шымкентте 23 жастағы алаяқ ұсталды