Ол 32 миллион теңге жинаған
Елде интернет-алаяқтық белең алып барады. Шымкентте балалардың еміне ақша жинау арқылы халықты алдаған 23 жастағы алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Күдікті 32 миллион теңге жинаған. Тінту кезінде одан VIP нөмірлі 2 көлік пен ірі қаражат тәркіленді. Қазір ол қамауда. Сондай-ақ қостанайлық алаяқтың да банк карталарының деректемелерін ұрлап, оларды заңсыз сатқаны анықталды.
Соңғы жылдарыжиі жасалатын қылмысқа айналды. Қостанай тұрғыны DarkNet пен Telegram арқылы интернет-алаяқтық жасаған. Қаскөй 1,5 млн теңгеден астам табыс тапқаны анықталды. Қазір фигурант ұсталып, сотталды. Полиция азаматтарды сақ болуға шақырады. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда, – деді ҚР ІІМ Криминалдық Полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.
Оқи отырыңыз: Алматыда алимент алушылардың пайдасына 500 миллионнан астам теңге өндірілген