Күдікті бәрін мойындап, ақша тапқысы келетінін түсіндірді
Павлодарда кәмелетке толмаған жасөспірім 223 грамм синтетикалық есірткіні сатуға оқталған. Полицейлер оны қолға түсірді. Бұл туралы Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
- Мамыр айында 16 жастағы жасөспірім есірткі таратумен айналысуға шешім қабылдағаны анықталды. «Куратордан» қаптамалар туралы ақпарат алғаннан кейін ол кэштен 223 грамм синтетикалық есірткіні алып кеткен. Оны кішірек етіп орап, қаптамалар арқылы сатуды жоспарлаған. Әрі бұл қызметі үшін төлемді банктік шотқа алуды жоспарлап қойған. Күдікті бәрін мойындап, ақша тапқысы келетінін түсіндірді. Есірткі заттарын заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті қамауға алынды, - дейді Павлодар облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Тимур Қаржаубаев.
Полиция жасалған қылмыстардың барлық мән-жайларын, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға есірткі сатуға қатысы бар адамдарды анықтауға бағытталған тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр.
Оқи отырыңыз: Егіздің сыңарын әуежайда қалдырып кеткен: әуе компания 5 млн теңге моральдық шығын өтейді