Павлодарда 4 жастағы бала сегізінші қабаттан құлап кетті

10.09.2026 19:29

Дәрігерлердің айтуынша, жағдайы ауыр

Павлодарда 4 жастағы бала сегізінші қабаттың балконынан құлап кетті, деп хабарлайды Almaty.tv 

Алдын ала мәлімет бойынша, ол терезе жанындағы орындыққа шығып, абайсызда төменге сырғып кеткен. Бүлдіршін шұғыл түрде облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Тексерістен кейін оны жансақтау және қарқынды терапия бөліміне жатқызды. Бала басынан, денесінен және ішкі ағзаларынан жарақат алған.

Дәрігерлердің айтуынша, жағдайы ауыр.

Айта кетейік, өңірде биыл 10 жағдай тіркелген. Оның үшеуі қайғылы жадаймен аяқталған.

Оқи отырыңыз: Алматылық дәрігерлер бес жасар баланың саусағын сақтап қалды

Толық көрсету