Павлодарда балабақша қызметкері әріптестерінің атынан миллиондап несие рәсімдеген

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Сотталушы осы жылдың қаңтар айынан бастап үй қамауында болды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Павлодарда балабақша қызметкері әріптестерінің атынан миллиондап несие рәсімдеген. Әйел оларға сертификат алуға көмектесуге уәде берген, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Қылмыстық істі Павлодар қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты қарады.

«Екінші Павлодардағы бөбекжайлардың бірінде дене шынықтыру жөніндегі 32 жастағы нұсқаушысы өз әріптестерінің сенімін теріс пайдаланған. Сотталушы бес әріптесін курстардан өтпей-ақ «инклюзивті білім беру» бағдарламасы бойынша сертификаттар бере алатын таныстары бар екеніне сендіреді. Әйелдер оған 17 090 теңгеден төлейді.  

Бұдан әрі олардың ақпараттық ресурстарды пайдалану дағдыларының төмен екенін біле отырып, сотталушы олардың деректерін пайдаланып, ұялы телефон арқылы банктердің мобильді қосымшасында оларға 13 миллион теңгеден астам несие ресімдеген», - делінген хабарламада. 

Сотталушы осы жылдың қаңтар айынан бастап үй қамауында болды.

Дене шынықтыру нұсқаушысы өзінің ақтауында ақшаға мұқтаж екенін түсіндірді, өйткені екі жыл бұрын ол алаяқтың құрбаны болған. Ол бір бөлмелі пәтер сатып алу үшін белгісіз әйелге екі траншпен 4,5 миллион теңге аударады. Ақшасыз және баспанасыз қалғанымен, полицияға жүгінбеген.

Сот әйелді 190-баптың үшінші бөлігінің бірінші және төртінші тармақшаларында көзделген қылмыс үшін кінәлі деп таныды. Ірі алаяқтығы үшін сот оған төрт жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енбеді.

Оқи отырыңыз: Шерзат Полат ісі: оқиға орнында көліктен қандай айғақ табылды

Новости партнеров