Павлодарда ер адам әкесін өлтіріп, кейін өзіне қол салған

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу басталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Павлодарда қазан айының басында көпқабатты тұрғын үйде болған қайғылы оқиға жұртты дүрліктірді. Пәтерден екі адамның мәйіті табылып, оқиға орнына келген тәртіп сақшылары өз-өзіне қол жұмсау туралы хатты анықтаған. Тергеу мәліметінше, пәтерде зейнеткер мен оның 36 жастағы ұлы тұрған, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Көршілер әкесі мен баласы тыныш, көпшілікпен араласпай өмір сүргенін айтып отыр. 

Алдымен ер адамның әкесі, яғни отбасының үлкені өмірден өткен. Хатта дәл осы оқиға қылмыстың негізгі себебі ретінде көрсетілген.

Павлодар облыстық полиция департаменті аталған оқиғаның болғанын растап, сотқа дейінгі тергеу басталғанын айтты.

«Павлодар қалалық полиция басқармасы қала тұрғынын өлтіру және оның ұлының өз-өзіне қол жұмсауы фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр», - деді облыстық ПД бастығының орынбасары Сафуан Жампейісов.

Алдын ала мәлімет бойынша, ұлы алдымен әкесін өлтіріп, кейін өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін криминалистер мен тергеушілер жұмыс істеуде. Полиция бұл істі ерекше бақылауға алған.

Оқи отырыңыз: Атыраудағы 7 жастағы қыз өлімі: педофилге сот үкімі шықты

Новости партнеров