Күдіктінің пәтерін тінту кезінде ішінде ақ түсті заты бар полиэтилен пакеттер салынған темекі қорабы табылып, тәркіленді
Павлодарда есірткі таратушы ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері 20 жастағы Павлодар қаласының тұрғынын ұстады. Күдіктінің пәтерін тінту кезінде ішінде ақ түсті заты бар полиэтилен пакеттер салынған темекі қорабы табылып, тәркіленді.
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың шамамен 1 граммы синтетикалық психотроптық зат болып шықты. Аталған дерек бойынша есірткі құралдарын заңсыз дайындау, қайта өңдеу және өткізу фактісімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қазіргі уақытта күдікті қамауда отыр. Полиция өңір тұрғындарын интернет желісінде есірткі заттарын таратушы ретінде жұмысқа шақыратын күмәнді ұсыныстардан бас тартуға шақырады. Есірткі саудагерлері уәде ететін анонимдік пен жазасыздық — жалған. Есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстар үшін ең ауыр жаза ретінде өмір бойына бас бостандығынан айыру көзделген.
Оқи отырыңыз: БҚО-да 51 мектеп қашықтан оқуға көшеді