Балалар мен әйелдің жағдайы өте ауыр екені айтылды
Павлодарда әйел екі баласын терезеден лақтырып, артынша өзі секіріп кеткен, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Аталған оқиға бүгін шамамен сағат 13:00 шамасында Нұрмағамбетов көшесінде орналасқан бесқабатты тұрғын үйде болған. Куәгерлердің айтуынша, әйел адам алдымен қос бірдей баласын терезеден лақтырған көрінеді. Ал дәрігерлер оқиға орнына 6 минутта жетіп, ана мен екі баланың өмірін сақтап қалған. Үшеуі де тірі, алайда жағдайы ауыр. Қазір ақ халаттылар олардың өмірі үшін күресіп жатыр.
Оқи отырыңыз: Абай облысында ата-ана құқығынан айырылған әйелге 4 баласы қайтарылды