Павлодарда қатты дауылдан ағаш құлап, әйел адам мерт болды

07.11.2024 13:34

Қатты желден оқушылар қашықтан оқу форматына ауыстырылды

Павлодарда қатты дауыл салдарынан әйел тал астында қалып, мерт болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жазатайым жағдай таңертең болған, 67 жастағы зейнеткер жұмыстарымен көшеде жүрген кезде жел тұрып, үстіне ағаш құлаған. Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, жедел жәрдем оқиға орнына 6 минутта жеткен. Алайда жарақаттардың ауырлығынан әйел сол жерде жүріп кеткен.

Павлодар облысының жедел жәрдем стансасы:

"Қоңырау 7 қарашада сағат 09:37-де түсті. Оған Естай көшесіндегі үйдің ауласында адамды ағаш басып қалуы себеп болған. 1957 жылы туған әйел зардап шекті. Өкінішке қарай, жәбірленушінің екі аяғы, кеудесінің жамбас сүйектері сынған, омыртқаның жабық сынуы, ішкі ағзаларының жарақаты, 3-4 дәрежелі шок алып, салдарынан мерт болды".

Қайғылы оқиға болған аулада биыл мамырда ағаштарға санитарлық кесу жұмыстары жүргізілген.

Айта кетейік, Павлодар облысында екпіні 30 метрге дейін жететін дауыл соғып тұр.

Оқи отырыңыз: Өзбекстанда таудан тас құлап, бірнеше адамды басып қалған