Павлодарда көпір тағы өртенді

22.04.2026 16:43

Қалада салынып жатқан бұл көпір жыл басынан бері үшінші рет өртеніп жатыр

Павлодарда миллиардтаған қаражатқа салынып жатқан көпір тағы өртенді.  Ертіс өзенінің үстіндегі өткелде қызыл жалын кеше кешкісін шарпыған,  деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Өрт ошағы жерден шамамен 30 метр биіктікте орналасқандықтан, оны сөндіру төтеншеліктерге қиындық туғызыпты. Негізінен көпірдің төртінші тіреуішіндегі жылу оқшаулағыш материалдар мен ағаш қалыптың кей бөліктері жанған.

Естеріңізге сала кетейік, Павлодарда салынып жатқан бұл көпір жыл басынан бері үшінші рет өртеніп жатыр. Қаңтар мен ақпанда қатарынан болған екі төтенше жағдай кезінде де шамамен 160 шаршы метр аумақ күлге айналған.

«Өрт ошағы жерден шамамен 30 метр биіктікте орналасқан. Қиын жағдайға қарамастан, өрт сөндірушілер тілсіз жауды жедел бақылауға алып, 160 шаршы метр аумақты қысқа мерзімде толық сөндірді. Өрт өршімей тоқтатылып, көпірдің негізгі конструкцияларына таралмаған. Қазір қызыл жалынның шығу себебі анықталып жатыр», – деді Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. 

Оқи отырыңыз: Ұлттық тауарлар каталогы мәселелері бойынша Telegram-бот әзірленді