Ұлттық тауарлардың каталогы жұмыс құралы ретінде 4 айдан бері жұмыс істеп тұр
ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Әсет Нүсіпов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында мәлімдегендей, Ұлттық тауарлар каталогы бойынша жиі қойылатын сұрақтарға жауап беретін Telegram-бот тестілеу режимінде іске қосылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
«Қазір біз кері байланыс орнатып жатырмыз. Сондай-ақ өтінімдерді жаппай жүктеу функциясын қостық. Өлшем бірліктерімен жұмысты жеңілдеттік. Енді қатаң байланыстыру жоқ, сонымен қатар автотолтыру мүмкіндігі бар», – деді спикер.
Оның айтуынша, Ұлттық тауарлардың каталогы жұмыс құралы ретінде 4 айдан бері жұмыс істеп тұр, ал ведомство кез келген ұсыныстарды қарауға дайын.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда мүгедектерге арналған оңалту құралдарын беру жүйесі өзгереді