Павлодарда ұялы телефонды шоколад қағазына орап колонияға кіргізбек болған

16.05.2025 16:56

Жіберуші мен құқықбұзушылыққа қатысы бар адамдар анықталуд

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Павлодар облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты № 45 түзету мекемесінде сотталғандарға тыйым салынған заттарды заңсыз жеткізу әрекеті әшкереленді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен хабарлағандай, сотталғандарға арналған сәлемдемелер мен бандерольдерді тексеру барысында 6679 әскери бөлімінің әскери жасағы мұқият жасырылған ұялы телефон мен бірнеше SIM-картаны тауып алған.

"Ұлттық ұлан қызметкерлерінің қырағылығы арқасында мекеме аумағына ұялы байланыс құралдарының өтіп кетуіне жол берілмеді. Бұл заттар мекеме қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін. Аталған дерек бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. Жіберуші мен құқықбұзушылыққа қатысы бар адамдар анықталуда", — деп мәлімдеді баспасөз қызметінен.

Қылмыстық-атқару жүйесінің мамандары сотталғандарға ұялы телефон, SIM-карта және өзге де тыйым салынған заттарды жеткізу заңға қайшы және әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін ескертеді.

Оқи отырыңыз: Шымкентте жаңа тұрғын үй кешені үшін қадалардың бірегей сынағы өтіп жатыр