Павлодарда жанармай құю станциясында өрт шықты

18.10.2024 16:01

ТЖМ құтқарушылары жанармай құю станция жарылысының алдын алған

elements.envato.com

Павлодарда жанармай құю станциясында өрт шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді. 

ТЖМ құтқарушылары жанармай құю станция жарылысының алдын алған. 

"Павлодардың шығыс өнеркәсіптік аймағында жанармай құю станциясының аумағында сыйымдылығы 3 текше метр жерасты газгольдері жанып, кейін от автожуу ғимаратына ауысқан", - делінген хабарламада.

Өрт 41,5 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Оқи отырыңыз: Ресейден вейп әкеліп таратқан Қостанай тұрғыны сотталды