Павлодарда жантүршігерлік көлік апатынан қыз бала қайтыс болды

Max Fleischmann/unsplash.com/
Max Fleischmann/unsplash.com/

Апат кезінде кәмелет жасына толмағандардың жанында заңды өкілі болмаған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Павлодардың қақ ортасында болған жол-көлік апатынан кәмелет жасына толмаған қыз бала көз жұмды. Тағы екі жасөспірім түрлі жарақат алған. Оның бірі жансақтау бөлімшесінде жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Облыс орталығындағы Назарбаев даңғылында жол-көлік апаты болып, салдарынан 16 жастағы қыз бала қайтыс болып кетті. 

Бұл туралы бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл Сәуле Шәкенова хабарлады. 

"Түнгі уақытта Назарбаев даңғылында жантүршігерлік жол-көлік апаты болып, 16 жастағы жолаушы қыз бала оқиға орнында қаза тапты. Тағы екі кәмелет жасына толмаған жасөспірім зардап шеккен. Оның бірі — 15 жасар қыз бала ауыр жағдайда ауруханаға жеткізіліп, ота жасалған. Қазіргі уақытта жансақтау бөлімшесінде жатыр. Ал 14 жасар ер бала өміріне қауіп төндірмейтін жарақаттармен емдеу ұйымына жеткізілді", - деп мәлімдеді С. Шәкенова.

Апат кезінде кәмелет жасына толмағандардың жанында заңды өкілі болмаған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Оқи отырыңыз: Баянауыл ормандарында бұлан көзге түсті

Новости партнеров