Павлодарда жол шетінде тұрған жолаушыны "ГАЗель" қағып мерт қылды

27.08.2025 08:32

Қайғылы жол-көлік оқиғасы бойынша полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады

стоп кадр

Павлодар — Омбы тас жолында "ГАЗель" автокөлігі жол шетінде тұрған жолаушыны қағып кеткен. Апат салдарынан ер адам көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы өңірлік полиция департаментінен хабарлады.

"26 тамыз күні Павлодар-Омбы автожолындағы Қызылтаң ауылының маңында ГАЗель автокөлігінің жүргізушісі рулге ие бола алмай, автожолдың шетінде тұрған жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ер адам жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды", — деп мәлімдеді полициядан.

Қайғылы жол-көлік оқиғасы бойынша полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Полиция департаменті мұндай оқиғалардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жылдамдық режимін қатаң сақтау және көлік құралының техникалық жағдайын бақылау маңызды екенін еске салады.

Оқи отырыңыз: Алматыдағы тарихи триумф: «Қайрат» алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты