Алматыдағы тарихи триумф: «Қайрат» алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты

Кадр из видео
Кадр из видео
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының Орталық стадионында қазақстандық жанкүйерлер талай жыл күткен тарихи ойын өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мұнда тұңғыш рет УЕФА Чемпиондар лигасының әнұраны шырқалып, алматылық «Қайрат» аты әлемге әйгілі Шотландияның «Селтик» клубын қабылдады.

Алғашқы кездесу Глазгода 0:0 есебімен аяқталған еді. Алматыдағы қарымта ойын да шиеленіскен тартысқа толы болды: қос команда алма-кезек шабуыл жасап, қауіпті сәттер ұйымдастырғанымен, негізгі және қосымша уақыттағы есеп өзгермеді.

Жарыстың тағдырын пенальти сериясы шешті. Бұл сәт нағыз драмаға айналды. Алматылықтардың батыры – қақпашы Темірлан Анарбеков болды. Ол қарсыластың шешуші соққыларын қайтарып, «Қайратқа» тарихи жеңіс сыйлады.

Орталық стадион трибуналары қуаныштан дүр сілкінді, ал миллиондаған қазақстандық экран алдында өз клубының тарихты қайта жазған сәтіне куә болды. Бұл жетістік бүкіл қазақ футболы үшін мереке әрі ел спортының дамуы жолындағы маңызды белеске айналды.

Оқи отырыңыз: «Қайрат» клубы өз алаңында Шотландияның «Селтик» командасын қабылдайды

Новости партнеров