Павлодарда жүк көлігінің жүргізушісі есірткіге мас күйде ұсталды

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Іс сотқа жіберілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, патрульдеу бағыты бойынша қызмет өткеру барысында Жібек жолы - Нұрмағамбетов көшелерінің қиылысында полиция қызметкерлері DAF маркалы автокөлікті тоқтатты.

– Құжаттарды тексеру кезінде жүргізушіде орынсыз мінез-құлық, реакцияның тежелуі байқалды. Жүргізуші куәландырудан өту үшін дереу медициналық мекемеге жеткізілді. Медициналық актіге сәйкес жүргізуші есірткіге мас күйінде болды, – деді департаментте.

Жүргізуші көлік құралын мас күйінде жүргізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Автокөлік мамандандырылған тұраққа қойылды. Ал материалдар қаралу үшін сотқа берілді.

Оқи отырыңыз: Қазақстан бензинмен толық қамтамасыз етілген — министр

Новости партнеров