Қазақстан бензинмен толық қамтамасыз етілген — министр

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

 Ерлан Ақкенженов ішкі нарықтағы жағдай тұрақты екенін айтты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Үкіметтегі баспасөз мәслихаты барысында ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Ресей Федерациясының Аи-92 және Аи-95 маркалы бензиннің экспортына кезекті шектеу енгізуі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Аlmaty.tv министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, Ресей осындай шараларды қатарынан үшінші жыл қабылдап отыр. Алайда бұл шектеулер индикативтік теңгерімдер шеңберінде үкіметаралық келісімдерге қол қойған елдерге қатысты емес. Қазақстан — сол елдердің бірі. Құжатқа сәйкес, елімізге 285 мың тонна бензин экспорттауға квота берілген.

"Ішкі нарықтағы жағдай тұрақты. Қазақстан өзін бензинмен толық қамтамасыз етіп отыр. Тіпті, тарихта алғаш рет 70 мың тоннадан астам бензин экспорттадық — бұл жеткізу мен өндіруде ешқандай іркілістің жоқ екенін дәлелдейді", — деді Ерлан Ақкенженов.

Министр елімізде жанармай тапшылығы жоқ екенін атап өтті, дегенмен мұнай өнімдерінің заңсыз шығарылуына жол бермеу үшін бақылауды күшейту қажет.

Оқи отырыңыз: АҚШ-тың қосымша тариф енгізу мәселесі: Қазақстан тарапы мәлімдеме жасады

Новости партнеров