Ұрланған қаражатқа сатып алынған 865 млн теңге көлеміндегі мүлікке тыйым салынды
Перизат Қайрат пен Гайни Алашбаеваның ісі: танысу аяқталды, іс прокуратураға жолданды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап.
Қаржылық мониторингі агенттігі Перизат Қайрат пен оның анасы Гайни Алашбаеваға қатысты алаяқтық және қылмыстық жолмен алынған ақша мен мүлікті заңдастыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.
«2025 жылғы 19 наурызда тараптар 109 томнан тұратын қылмыстық іс материалдарымен танысуға кірісті. Бұған дейін хабарланғандай, залал сомасы 3,5 млрд теңгені құрады», - делінген хабарламада.
Ұрланған қаражатқа сатып алынған 865 млн теңге көлеміндегі мүлікке тыйым салынды.
Қылмыстық іс айыптау актісін бекіту және сотқа жолдау үшін Бас прокуратураға берілді.
Оқи отырыңыз: Павлодарда Ұлттық қордың 158 млн теңгесі ұрланғаны анықталды