Травматолог дәрігерлер тексеру жүргізіп, қажетті көмек көрсетті
Петропавлда екі жасар бала тұрғын үйдің екінші қабатынан құлап кетті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Абырой болғанда, балақай аман қалған. Оқиға орнына жедел жеткен медицина қызметкерлері балдырғанның түрлі жарақат пен соққы алғанын анықтап, оны шұғыл түрде ауруханаға жеткізген. Онда травматолог дәрігерлер тексеру жүргізіп, қажетті көмек көрсетті.
«Баланың омыртқа байламдары созылған. Оң аяғында, санында соққының ізі бар. Табанында сырылған жарақаттар байқалады. Қазір науқастың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. 2-қабаттан құлап, аман қалу оңай емес. Балақай толық жазылып кеткенше дәрігерлердің бақылауында болады», – деді СҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Гүлнәр Қалиева.
Оқи отырыңыз: 36 жоба, 226 жұмыс орны: Алматыда әлеуметтік кәсіпкерлікке қолдау күшейіп келеді