Петропавлда 8 жастағы жеткіншек эскалатордан құлап кетті

29.08.2025 15:34

Тәртіп сақшылары ата-аналарды балаларына мұқият болуға және оларды қараусыз қалдырмауға шақырады

Петропавлда 8 жастағы жеткіншек эскалатордан құлап кетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқыс жағдай 2 күн бұрын қаладағы сауда ойын-сауық орталықтарының бірінде болыпты. Оқиға сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалып, жазба мессенджерлерде лезде тарады. Онда ұл баланың эскалатордың шетінен ұстап, ілініп тұрмақ болғанын көруге болады. Алайда қолы босап, құлап кеткен. Белгілі болғандай, бала орталықта ересектердің қарауынсыз жүрген. Жеткіншек аман, тек дене жарақатын алыпты. Аталған оқиғаға қатысты тексеріс басталды. Тәртіп сақшылары ата-аналарды балаларына мұқият болуға және оларды қараусыз қалдырмауға шақырады.

«Қазір аталған оқиғаның жай-жапсары анықталып, сауда ойын-сауық орталығындағы қауіпсіздік шаралары тексеріліп жатыр. Нәтижесінде тиісті процессуалдық шешім қабылданады. Кәмелетке толмаған баланың қауіпсіздігін тиісінше қамтамасыз етпегені үшін ата-ананы жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылып жатыр», – деді СҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Петропавлда бес жастағы бала терезеден құлап кетті