Петропавлда әйелді ұрып-соққан ер адам іздестіріліп жатыр

elements.envato.com
elements.envato.com

Қазіргі уақытта осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Петропавлда полицейлер өткен дүйсенбі күні кешке 49 жастағы әйелді ұрып-соққан ер адамды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Қала тұрғынының соққыға жығылғаны туралы ақпаратты Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі таратты.

"Сағат 22:30 шамасында Петропавл қаласында белгісіз біреу бұзақылық ниетпен 49 жастағы әйелдің денсаулығына қасақана зиян келтірген", - делінген хабарламада.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қылмыстық кодекстің 107-бабы "Бұзақылық ниетпен денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Оқи отырыңыз: Түркістанда браконьерлерден қару-жарақ тәркіленді

Новости партнеров