31 жастағы ер адам кеудесінен соққы алған, қабақ тұсы жыртылып, сол қолы жырылған
Петропавлда монтаж жұмыстары барысында көтергіш платформадан екі адам құлап кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сылтеме жасап.
Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін болған. Жұмысшылардың бірі — 35 жастағы ер адам — алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды, ал 1994 жылы туған екінші жұмысшы ауруханаға жеткізілді.
"Осы факті бойынша еңбек қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы белгілерімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Істің барлық мән-жайын толық анықтау мақсатында қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады", — делінген баспасөз хабарламасында.
СҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, жоғарыдан құлаған екінші адам емдеу мекемесіне жатқызылған жоқ, ол амбулаторлық ем алады.
31 жастағы ер адам кеудесінен соққы алған, қабақ тұсы жыртылып, сол қолы жырылған.
Екі жұмысшы интернет тартпақ болған екен.
Оқи отырыңыз: "Бұл – рекордтық көрсеткіш": Президент ауыл шаруашылығына қанша қолдау көрсетілгені туралы