Петропавлда үш жасар бала 5-қабаттан құлап кетті
Аlmaty.tv
Оқиға 17 қыркүйекте болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Петропавлда жоғары қабаттан құлаған бала аман қалды. Бірақ жағдайы ауыр, қазір облыстық балалар ауруханасында жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Kazinform-ға сілтеме жасап
Оқиға 17 қыркүйекте болған. Бір сәт ересектердің бақылауынсыз қалған бала терезеден абайсызда құлап кеткен.
Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір осы дерекке қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр.
– Баланы жалғыз өзін қараусыз қалдыруға болмайды. Пәтерде қауіпсіз жағдай жасап, терезелерге үйді желдетуге арналған арнайы бекіткіштер орнату қажет, - деп еске салды тәртіп сақшылары.
Оқи отырыңыз: Буллинг үшін салынатын айыппұлдың құны белгілі болды
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
16.10.2026 14:01
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
15.10.2026 08:14
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
16.10.2026 08:26
Алаяқтық қарыздың рәсімделуіне қалай жол бермеу керек
16.10.2026 12:35