Қазіргі уақытта 20 га аумақтағы өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр
Атырау облысында Төтенше жағдайлар министрлігінің әуе техникасы қамыс өртін сөндіріп жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ су төгу құрылғысы бар МИ-8 тікұшағымен өрт ошақтарына 27 рет, жалпы көлемі 81 тонна су төгілді. Өрттің елдімекендерге таралу қаупі жоқ», - делінген хабарламада.
Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД жеке құрамынан және «Ақжайық» МТР қызметкерлерінен, жалпы есеппен 52 адам және 10 техника, сондай-ақ ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы жұмылдырылды.
Оқиға орнында уақытылы ақпарат алмасу мақсатында командалық-штабтық автокөлік арқылы байланыс орнатылды.
Қазіргі уақытта 20 га аумақтағы өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Оқи отырыңыз: "Мәселе шешілмесе, кадрлық шешім қабылданады": Алматы әкімі проблемалық нысандардың аяқталуы туралы