Пирамиданың жаңа әдісі: Алаяқтар заңсыз тапқан қаражатты криптоәмияндар арқылы заңдастырып отырған

Depositphotos
Depositphotos

115 салымшы 197 миллион теңгесінен айырылып, алаяқтар заңсыз қаражатқа қымбат көліктер сатып алған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, пирамидаға қатысушылардан қомақты сома талап етілген, - деп хабарлайды Almaty.tv.

Олар қаражатты ізін жасыру үшін криптовалюта арқылы айналымға салған.

«Салым сомасы 350-ден 20 000 АҚШ долларына дейін болған, ал уәде етілген табыс тәулігіне 12-ден 690 долларға дейін жететіні айтылған. Қаражатты заңдастыру үшін олар криптоәмияндарды қолданып, кейін банк шоттарына аударып отырған. Заңсыз әрекеттер нәтижесінде 115 салымшыдан жалпы сомасы 197 миллион теңгеден астам қаражат тартылған. Осы ақшаға ұйымдастырушылар 3 көлік сатып алып, біреуін туысының атына рәсімдеген», – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Ернар Тайжан.

Құзырлы органдар азаматтарды күмәнді жобаларға инвестиция салмас бұрын компанияның лицензиясы мен ресми тіркеуін тексеруге шақырады. Тез арада жоғары табыс уәде ететін, бірақ нақты өндірісі немесе заңды қызметі жоқ кәсіпорындар көбіне қаржы пирамидасы болып шығады.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда 303 зертхана жұмыс істеп тұр: ғылым мен бизнестің интеграциясы

Новости партнеров