Пітір садақаны қай уақытқа дейін беру керек

ЖИ көмегімен жасалған
ЖИ көмегімен жасалған

Биыл пітір садақаның мөлшері – жан басына 655 теңге

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Пітір садақаны Ораза айт намазы оқылғанға дейін беру керек, деп хабарлайды Almaty.tv.

Пітір садақа Рамазан айында беріледі. Құдайға шүкіршілік ету үшін берілетін және кедейлерді қуантатын садақа. Егер кімде-кім пітір садақаны әлі бермесе, Ораза айт намазы оқылғанға дейін беріп тастауы қажет.

Ал Айт намазынан кейін берілген пітір садақа жай садақа болып қалады. Биыл пітір садақаның мөлшері – жан басына 655 теңге.

Тұрмысы нашар, яғни артық мал-мүлкі нисаб мөлшеріне жетпеген кісі пітір садақа беруге міндетті емес, сауап үшін беріп жатса өз еркі. Қайтыс болған адамдарға, ана құрсағындағы балаға пітір садақа берілмейді.

2025 жылғы Рамазан айындағы бір адам үшін берілетін пітір садақа мөлшері 2 келі ұнның нарықтық орташа бағасымен есептеліп, 655 теңге етіп белгіленді. Дегенмен бай, ауқатты адамдар пітір садақаны 2 келі мейізбен (5626 теңге) немесе 4 келі құрмамен (10 523 теңге) бергені жақсырақ. Ал підия мөлшері – бір адамның күнделікті (таңғы және кешкі) тойып ішетін асы. Оның биылғы мөлшері 3520 (үш мың бес жүз жиырма) теңге болып бекітілді. Бұған шамасы келмегендер оразаның әр күніне пітір садақасының құнын береді. 

Ораза айт мерекесінің негізгі шарты – мейрам айт намазын оқу. Оны барлық мешітте таңертең ерте жамағатпен бірге өткізеді.

"Айт күні бірінші орындайтынымыз – намаз оқу", - деп айтқан Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) өз өсиетінде.

Әр мұсылман айт намазына жуынып-шайынып, дәрет алып, ең әдемі әрі таза киімін киіп, үстіне хош иіс сеуіп барады. Сонымен қатар, мешітке бармас бұрын бір-екі құрма жеп, дәм ауыз тиген абзал. Бұл оразаның аяқталғанының белгісі.

Новости партнеров