Бейнебақылау камераларының көмегімен бақылау күшейтілді
14 желтоқсаннан бастап ішкі істер органдарының жеке құрамы толық қызмет атқарудың күшейтілген нұсқасына көшті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Тәуелсіздік күні қарсаңында полиция қоғамдық тәртіпті, азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарын күшейтті.
"Мерекелік іс-шаралар өтетін жерлерде, сондай-ақ азаматтар көп жиналатын орындарда және мемлекеттік қорғауға жататын нысандарда полиция нарядтары көбейтілді", - делінген хабарламада.
Жедел басқару орталықтарына қосылған бейнебақылау камераларының көмегімен бақылау күшейтілді.
Ішкі істер министрлігі іс-шаралардың өткізілуі кезінде қоғамдық қауіпсіздіктің тиісті деңгейін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.
Оқи отырыңыз: Алматыда контрафактілік пиротехниканың 150-ге жуық қорабы тәркіленді