Павлодар облысында жер асты сілкіністері тіркелді

26.05.2026 16:20
Depositphotos.com

Жер сілкінісінің ошағы Баянауыл ауданында болды, - деп хабарлайды Almaty.tv, Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап. 

26 мамыр күні сағат 11:28-де ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық байқау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді. Эпицентрі Алматы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 855 шақырым жерде, Баянауыл ауылында орналасқан, ал координаттары: солтүстік ендіктің 50.47º, шығыс бойлықтың 76.47º. Тереңдігі – 30 шақырым.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.7. Ал есептік қарқындылығы – 2 балл.

Оқи отырыңыз: Алматыда жол қозғалысын ұйымдастыруға арналған жаңа шешім енгізіліп жатыр