Жаңа басталған сәуір айы еліміздің әр өңірінде болып жатқан оқиғаларға толы болды. Almaty.tv тілшісі аптаның ең өзекті жаңалықтарына шолу жасады.
ШҚО-да 9 жыл бойы іздеуде жүрген қылмыскер әуежайда ұсталды
Шығыс Қазақстан облысының полицейлері 2016 жылдан бері іздеуде жүрген 38 жастағы азаматты әуежайда ұстады. Белгілі болғандай, ол алаяқтық жасап, 5 млн теңге пайда көрді деген күдікке ілінген.
Пойызда босанған әйел нәрестесін вагонның терезесінен лақтырып жіберді
Қызылордадан Астанаға бағыт алған жолаушылар пойызында жаға ұстатарлық жағдай болды. Жүкті әйел жол үстінде босанып, дүниеге келген шақалақты вагон терезесінен лақтырып жіберген.
Қызылорда облысында күйеуі әйелінің қолын балталап тастады
Қызылорда облысында 42 жастағы келіншектің қолын күйеуі балталап тастаған. Оқыс жағдай Шиелі ауданына қарасты ауылдардың бірінде болған.
Павлодарда оқушылар жеті жастағы баланы соққыға жықты
Павлодарда бір топ оқушы жеті жастағы баланы аяусыз ұрып-соққан. Бейнежазба әлеуметтік желіде таралды.
Петропавлда бойжеткенді зорлаған күдіктілер ұсталды
Петропавлда жалдамалы пәтерлердің бірінде 19 жастағы бойжеткенді зорлады деген күдікпен екі азамат ұсталды.
Астанада жүк көлігі 6 жастағы велосипед мінген баланы қағып кетті
Астанада велосипед теуіп жүрген 6 жасар баланы ауыр жүк көлігі басып кетті.
Алматыда жедел жәрдем көлігіне жол бермеген жүргізуші әйел жауапқа тартылды
Алматы қаласында жедел жәрдем көлігінің алдына түсіп алып, жол бермеген жүргізуші әйел жауапқа тартылды.