Пойыз басып кетті: Қарағанды облысында рельс ауыстырып жатқан 4 жұмысшы қаза тапты

Көрнекі фото: Аlmaty.tv
Көрнекі фото: Аlmaty.tv

Қайғылы оқиға Мойынты – Шығанақ учаскесінде болған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағанды облысында рельс ауыстырып жатқан төрт жұмысшыны жүк пойызы басып кетті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіің хабарлауынша, қайғылы оқиға бүгін, яғни 10 желтоқсанда сағат 17:15-те Мойынты – Шығанақ учаскесінде болған.

Шешенқара-Қаражанғыл аралығында жүк пойызының жүрісі кезінде машинист шұғыл тежеу қолданғанымен, кеш болған.

«Теміржол төсемі аймағында Сарышаған станциясының жол бригадасы рельсті ауыстыру бойынша жоспарлы жұмыстарды орындап жатқан. Барлық қажетті шараларға қарамастан, жазатайым оқиғаның алдын алу мүмкін болмады. Төрт жұмысшы жарақаттан көз жұмды», - делінген хабарламада.

Аталған қайғылы оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін анықтау үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының тапсырмасы бойынша «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС және Магистральдық желі дирекциясы басшыларының құрамында «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері бастаған арнайы комиссия құрылды.

«Комиссия тексеріс жүргізу үшін оқиға орнына жедел аттанды. Қаза тапқандардың отбасыларына қолдау көрсетіледі», - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында марқұмдардың атына 31 мың 500 гектар жер телімі тіркелген

Новости партнеров