Қайғылы жағдай Бостандық ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған
Алматыда 70 жастағы әйел бесінші қабаттан құлап, көз жұмды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Қайғылы жағдай Бостандық ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған. Ол алған жарақаттарынан жедел жәрдем жеткенше оқиға орнында қайтыс болған.
Қазір тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап, куәгерлерден жауап алып жатыр.
Сондай-ақ бейнебақылау камераларындағы жазбалар зерделенуде.
«Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен жедел тергеу тобы жұмыс істеді. Қайғылы жағдайға нақты не себеп болғаны тергеу барысында анықталады. Марқұмның жақындарының айтуынша, бұған дейін оның мінез-құлқынан алаңдатарлық белгілер байқалмаған. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері жан-жақты тексеру жүргізіп, оқиғаның толық мән-жайын анықтап жатыр», – деді Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Оқи отырыңыз: Бір QR-код барлық банкте: Қазақстанда жаңа төлем жүйесі іске қосылады