Референдумға дейін:
22
күн
12
сағат
15
минут

Полиция жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге ескерту жасады

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Полицейлер, ең алдымен, жылдамдық режимін бұзбауға үндейді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Тәртіп сақшылары жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Абай облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғаларының алдын алу әр азаматтың жауапкершілігіне байланысты.

Полицейлер, ең алдымен, жылдамдық режимін бұзбауға үндейді. Белгіленген шектен асу апат қаупін арттырады.

Сондай-ақ көлік ішінде қауіпсіздік белдігін тағу міндетті. Бұл – жол апаты кезінде жарақат алу қаупін азайтатын негізгі талаптардың бірі.

Құқық қорғау органдары мас күйде көлік басқаруға жол бермеу керек екенін еске салды.

"Мұндай әрекет жүргізушінің ғана емес, өзге жол қозғалысы қатысушыларының да өміріне қауіп төндіреді", - дейді ПД өкілдері.

Бұдан бөлек, қарсы бағытқа шығу және қауіпті маневр жасау ауыр салдарға әкелуі мүмкін екені атап өтілді.

Жаяу жүргіншілерге жолды тек арнайы өткелдер арқылы кесіп өту ұсынылады.

Полиция жол ережелерін сақтау – заң талабы ғана емес, адам өмірін қорғаудың басты шарты екенін ескертеді.

Оқи отырыңыз: Мезгілсіз келген ыстық: Алматыда ақпан айындағы температуралық рекорд жаңарды

Новости партнеров