Полицейлер мегаполисте бір топ қалта ұрысын ұстады

Polisia.kz
Polisia.kz

Топ құрамында басқалардың күдігін тудырмайтын әйел де бар

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда бір топ қалта ұрысы қолға түсті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қалалық криминалдық полицияның айтуынша, қылмыстық үштік тек қоғамдық көлікте ұрлық жасап жүрген. Топтың құрамында басқалардың күдігін тудырмайтын әйел де бар.

"Бұл үштіктің бір ерекшелігі бар – олардың барлығы бұрын мүліктік қылмыс жасағаны үшін сотталған. Күдіктілер ұсталды және қамауға алынды. Әйел 45 жаста, оның “әріптестері” 25 және 36 жаста. Сотқа дейінгі тергеудің осы кезеңінде күдіктілер қоғамдық көлікте 4 телефон ұрлағаны үшін қамалды. Айғақты заттар тәркіленді. Тергеу шаралары жүргізілуде", – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қуатбек Науатов.

Оқи отырыңыз: Алматының коммуналдық қызметінің қысқа дайындығы қандай

Новости партнеров