Полиция интернет-алаяқтардан сақ болуға шақырады

ЖИ көмегімен жасалған
ЖИ көмегімен жасалған

Алаяқтардың басты “нысанасына” айналатындар – зейнеткерлер, сенгіш әрі технологияны жетік білмейтін адамдар

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Полиция интернет-алаяқтардан сақ болуға шақырады, — деп хабарлайды Almaty.tv.

Тұрғындарды алаяқтардың айла-амалынан сақтау мақсатында Павлодар қаласы ПБ Оңтүстік полиция бөлімінің қызметкерлері саяжайлық аумақта түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Бұл жерде алаяқтардың басты “нысанасына” айналатындар – зейнеткерлер, сенгіш әрі технологияны жетік білмейтін адамдар.

Полиция өз тәжірибесінен нақты мысалдар келтірді:

  • “Банк қызметкері” болып қоңырау шалған алаяқ зейнеткерді 900 000 теңгеге алдаған;
  • “Салық қызметі” атынан хабарласқан жалған тұлғалар банк картасының деректерін алған;
  • Kaspi мен eGov сайттарына ұқсас жалған парақшалар арқылы деректер ұрланған.

Тұрғындарға алаяқтық қоңырауларға, хабарламаларға және түсетін аударымдарға қалай әрекет ету керектігі көрсетілген жадынамалар таратылды.

Полиция азаматтарды абай болуға, жеке деректерді бөгде адамдарға бермеуге және кез келген ақпаратты бірнеше рет тексеруге шақырады.
Дереккөз: Polisia.kz.

Оқи отырыңыз: ҰҚК Өскемен тұрғынын ұрлап, өлтіріп кеткен күдіктіні ұстады

Новости партнеров