Полиция департаменті желіде тараған алып-қашпа әңгімеге сенбеуге шақырады
Ақтауда әйел адам көпқабатты үйден құлап, қоқыс контейнерінің үстіне түсті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оқиға туралы алдымен қатты соққының дыбысын естіген 27-шағынауданындағы № 4 үйдің тұрғындары білген. Алдын ала тараған ақпарға сай, келіншек 8-қабаттан құлап, алған жарақатынан сол жерде жан тапсырған. Оның не үшін мұндай әрекетке барғаны әзірге белгісіз. Ал жергілікті Полиция департаменті аталған дерекке қатысты тергеу амалдарын бастады. Олар желіде тараған алып-қашпа әңгімеге сенбеуге шақырады.
«Әлеуметтік желіде қайтыс болған адам полиция қызметкері деп жалған ақпарат тарап жатыр. Оның ПД-не мүлдем қатысы жоқ. Қазір бұл қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды», – деді Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әйгерім Ибатуллаева.
Оқи отырыңыз: Лайфхак: баланы смартфоннан ажырату үшін не істеуге болады