Польшадағы турнирде қазақстандық балуандар алғашқы медальдарға қол жеткізді

31.07.2025 21:45

Екі спортшымыз жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді

Аlmaty.tv

Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен Варшавада (Польша) өтіп жатқан ірі халықаралық турнирді қос қола медальмен бастады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

Жеңіс тұғырының үшінші сатысына Диас Қалтай (72 келіге дейін) мен Ерзат Ерланов (97 келіге дейін) көтерілді.

Алдағы уақытта бозкілемге 55, 60, 63 және 67 келі салмақ дәрежесіндегі балуандар шығады.

Айта кетейік, бұл жарыста Қазақстан атынан грек-рим және әйелдер күресі командалары бақ сынап жатыр.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық жас балуан грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды