Қазақстаннан 2 млрд теңгенің киік мүйізін әкетпек болғандар ұсталды

27.10.2024 17:40

Ұсталғандардан 991 дана киік мүйізін тәркіленді

Пресс-служба КНБ РК

Қорғас бекетінен құны 2 млрд теңгеден асатын киік мүйізін әкетпек болғандардың жолы кесілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, жабайы жануарлардың дериваттарын заңсыз тасымалдамақ болғандар ұсталды.

"17 қазанында "Қорғас" халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығында ҰҚК ШҚ Жетісу облысы бойынша департаменті ҰҚК және полицияның өңірлік бөлімшелерімен бірлесіп елден 991 дана киік мүйізін әкету әрекетінің алдын алды", - делінген ҰҚК хабарламасында.

Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының мәліметінше, қылмыстық әрекеттен мемлекетке келтірілген шығын 2 млрд теңгеден асады.

Материалдар тиісті шаралар қабылдануы үшін полиция органдарына берілді.

Оқи отырыңыз: Шымкентте дәрігерлер жүрегі тоқтап қалған жүкті әйелді құтқарды