Президент Алакөлдегі туристік аймақтың дайындық деңгейін сынға алды

10.07.2025 17:28

Мемлекет басшысы елдегі барлық туристік бағыттың жағдайын ретке келтіруді тапсырды

Ақорда

Мемлекет басшысы халықтан келіп түскен көптеген шағымға байланысты Алакөл маңындағы әйгілі туристік аймақтың демалушыларды қарсы алуға дайындығы төмен екеніне Үкіметтің назарын аударды, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, қажетті туристік инфрақұрылым, қызмет көрсету мен қауіпсіздік лайықты деңгейде қамтамасыз етілмеген.

Үкіметке қысқа мерзім ішінде елдегі барлық туристік бағыттың жағдайын ретке келтіріп, олқылық жіберген лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартуды тапсырды.

Оқи отырыңыз: Атырау облысында шегіртке мал азығынан түк қалдырмаған – тұрғындар дабыл қақты