Президент Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын беру туралы Жарлыққа қол қойды

25.12.2025 19:55

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі

Ақорда

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын беру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін Ұлы Отан соғысына қатысушы Бауыржан Момышұлына (марқұм) «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын», - делінген Президент қаулысында.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Оқи отырыңыз: Қасым-Жомарт Тоқаев Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын беру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді