Президент бірқатар лауазымды тұлғаны қызметінен босатты

Ақорда
Ақорда

Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық өзгеріс жасады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар кадрлық шешім қабылдады. Тиісті Жарлық және өкімдермен бірнеше лауазымды тұлға қызметінен босатылды, деп хабарлайды Almaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Сатыбалды Ересұлы Бұршақов Қазақстан Республикасының Солтүстік Македония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.

Мемлекет басшысының өкімімен Дархан Мейрамұлы Ахмедиев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.

Сонымен қатар Абай Алтай Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымынан босатылды.

Бұдан бөлек, Ербол Дәненұлы Адаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.

Оқи отырыңыз: Жаңа Бюджет кодексінен цифрлық экономикаға дейін: Үкімет жұмысының негізгі нәтижелері