Президент цифрландырудың кейбір мәселелері туралы Жарлыққа қол қойды

Ақорда
Ақорда

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы цифрландырудың кейбір мәселелері туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарлыққа сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жаңа ақпараттандыру объектілерін QazTech «электрондық үкіметі» ақпараттық-коммуникациялық платформасынан тыс құруға мораторий енгізіледі.

«Үкіметке мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жаңа ақпараттандыру объектілерін QazTech платформасында әзірлеу мүмкін болмаған кезде әрбір нақты жағдайды Президент жанындағы Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссияның қарауына шығару тапсырылды», - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда индустриялық жобалар арқылы 30 мыңнан астам жұмыс орны ашылады

Новости партнеров