Президент Dala Glass әйнек өндіретін кәсіпорын қызметімен танысты

25.12.2025 15:12

Зауыт биыл жазда іске қосылған

Ақорда

Президент Dala Glass әйнек өндіретін кәсіпорын қызметімен танысты, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Зауыт биыл жазда іске қосылған. Жобаға салынған инвестиция 1 миллиард теңгені құрайды.

Жылына 500 мың шаршы метр әйнек шығару жоспарланып отыр. Бүгінде аталған нысанда 50 адам жұмыс істейді.

Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпорын қызметкерлерімен әңгімелесіп, олардың еңбегіне табыс тіледі.

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы «Тараз» шағын индустриалдық аймағын аралап көрді