Президент дарынды балаларды қосымша ынталандыру шарасын қабылдауды тапсырды

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қасым-Жомарт Тоқаев білім саласында инновациялық экожүйе құру қажет екенін айтты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тамыз кеңесінде жасанды интеллектіні орта білім беру жүйесіне енгізу мәселесіне тоқталды. Президент жаңа цифрлық дәуірде адами капиталдың дамудың аса маңызды факторына айналып отырғанын атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Жаңа цифрлық дәуірге қадам басқан тұста адами капитал дамудың аса маңызды факторына айналып отыр. Әрі бұл – Қазақстанның артықшылығы.

Балаларымыз – талантты. Әлемде жоғары бәсекеге қабілетті екенін көрсетіп жүр. Бірер күн бұрын Ақордаға лайықты марапаттарын алу үшін халықаралық зияткерлік олимпиада жеңімпаздары арнайы келді.

Осы оқу жылында дарынды балаларды қосымша ынталандыру шараларын қабылдауды тапсырдым. Олимпиададағы табыстарына ғана емес, ғылыми жобалар байқауындағы жеңістері үшін де ақшалай сыйақы беріледі», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент озық технологиялар мен жастардың зияткерлік әлеуеті үйлесім тауып, қазірдің өзінде елеулі экономикалық нәтиже беріп отырғанын айтты.

«Жаңа стартаптар ашылып, алғашқы «сыңармүйіз стартаптар» пайда болды. Осы тәжірибені кеңейту үшін білім беруді басты орынға қоятын инновациялық экожүйе құру қажет.

Сол себепті Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында саланы басқарудың платформалық үлгісіне көшу басталды», – деді Мемлекет басшысы.

Оқи отырыңыз: Аймақтар арасындағы білім сапасына қатысты алшақтықты жою қажет - Президент