Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады
Президент Ерванд Тихонович Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді, деп хабарлайды Almaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Альпинизмдегі аса үздік жетістіктері, сондай-ақ елдегі спортты дамытуға қосқан елеулі үлесі және қоғамдық қызметке белсенді қатысқаны үшін Ерванд Тихонович Ильинскийге жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілсін.
Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Тазару күні: Мемлекет басшысы қазақстандықтарға үндеу жариялады