Президент Есмұхан Обаевтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

16.04.2026 12:56

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

Аlmaty.tv

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халық әртісі Есмұхан Обаевтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Almaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Президент көрнекті өнер қайраткері, режиссер-сценарист, І дәрежелі «Барыс» және «Парасат» ордендерінің иегері Есмұхан Обаевтың дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.

– Есмұхан Несіпбайұлы саналы ғұмырын киелі сахнаға арнаған театр тарланы, өнегелі өнер иесі еді. Ұлт руханиятын ұлықтап, отандық драматургияның дамуына зор үлес қосты. Жауапты лауазымдарды абыроймен атқарып, мәдениет көкжиегін кеңейтуге бар күш-жігерін жұмсады, – деп жазылған жеделхатта.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның халық әртісі Есмұхан Обаевтың дүние салғанын хабарлаған болатынбыз