Президент инфрақұрылым нысандарының қауіпсіздігін күшейтуді тапсырды

04.03.2026 17:25

Аталған жұмысты үйлестіру Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысына жүктелді

Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрге, күштік құрылымдардың басшыларына, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен ұлттық компаниялардың жетекшілеріне, сондай-ақ өңір әкімдеріне бірқатар нақты тапсырма берді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрге, күштік құрылымдардың басшыларына, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен ұлттық компаниялардың жетекшілеріне, сондай-ақ аймақ әкімдеріне тіршілікті қамтамасыз ететін нысандардың, көлік, энергетика және коммуналдық инфрақұрылымның, соның ішінде әуежайлардың, теңіз және өзен порттарының қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды", - делінген хабарламада.

Аталған жұмысты үйлестіру Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысына жүктелді.

Оқи отырыңыз: Президент «Қазақтелеком» басшысы Бағдат Мусинді қабылдады